
15 және 29 наурыз күндері Audi Kazakhstan Алматы мен Астана қалаларында Formula-1 жарысының тікелей трансляцияларын өткізді. с-шара Audi Revolut F1 Team командасының Formula-1-дегі дебютіне арналды.
Іс-шаралардың ерекшелігі — екі көрсетілімнің де көркем әрі тақырыптық локацияларда өткенінде болды.
Алматыда көрермендер Oi-Qaragai мейрамханасында жиналды, ол аттас тау-шаңғы курорты аумағында орналасқан. Таза ауа, әсем тау көріністері және керемет көңіл-күй 140 қонақты біріктірді.

Астана тұрғындарын Audi Kazakhstan Tanuki мейрамханасына шақырып, қонақтар мен достарды Сузука (Жапония) трассасының атмосферасына енгізді. Локацияның бірегей дизайны мен концептуалды тағамдар таңғы жарыс форматына үйлесімді сәйкес келіп, іс-шараға 100 қонақ қатысты.

Audi Revolut F1 Team командасы өз кезегінде Сузука трассасында жанкүйерлерді қуантты: Нико Хюлькенберг максималды жылдамдық бойынша рекорд орнатты — 350 км/сағ.
Қонақтар үшін жағымды бонус ретінде тікелей эфирді жүргізіп отырған жүргізуші қызықты түсіндірмелер мен әзілдер айтып, ерекше атмосфера қалыптастырды. Сондай-ақ Audi Kazakhstan ұсынған бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны қатысушыларға өз білімдерін тексеруге мүмкіндік берді.

Мұндай форматтағы іс-шаралар Audi философиясының қисынды жалғасы болып табылады, онда технологиялар көрермендер үшін мазмұнды әрі әсерлі тәжірибе қалыптастыруға бағытталған.